Қазақстанда ресми түрде тағы бір мереке пайда болды

69
Қазақстанда
Фото: vistiternivki.com.ua

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда 28 маусымда атап өтілетін «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» пайда болды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысында айтылған.

Атап айтқанда, мерекелік күндер тізбесінде «Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні – 17 мамыр» тармағы мынадай түрде редакцияланған: «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – 28 маусым».

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырды.

«Бұл қоғамның дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескере отырып, әділ шешім болады», – делінген Президент хабарламасында.