Қазақстанда темекі бірден 350 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Нұр-Сұлтан. 19 мамыр. 7kun.kz – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға қарай темекі бірден 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Темекіге қатысты келісім қазірдің өзінде ратификацияланды, 2024 жылға қарай біз 1000 темекіге акцизді теңгемен есептегенде 35 еуроға дейін көтереміз. Бір қорап үшін шамамен 300-350 теңге. Алкоголь өнімдеріне келетін болсақ, бізде акциз айтарлықтай жоғары, дегенмен қазір ЕурАзЭҚ аясында тиісті келісім дайындалуда. Ол күшіне енгеннен кейін біз де алкоголь өнімдеріне акциздерімізді біртіндеп жақындастыратын боламыз», – деді министр.

Министрдің айтуынша, Үкіметте қант бар сусындардың бағасын көтеру мәселесі де талқылануда. Дегенмен, әзірге бағам бойынша келісім жоқ.

«Бағаларды қарау керек, біз үшін тепе-теңдікті сақтау маңызды. Бір жағынан ұлт денсаулығы, екінші жағынан кәсіпорындар зардап шекпеуі керек. Себебі мұны акциздер есебінен салық төлейтін шағын және орта бизнес жасайды, екінші жағынан-бұл бюджеттің мүддесі. Біз теңдестіреміз», – деді Ерұлан Жамаубаев.