Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда алдағы үш айда баспана бағасы арзандайды. Сарапшылар үй сатушылар саны 30 пайызға артқанымен, сұраныс керісінше азайған дейді. Осы жылдың наурызында Алматыда баспана бағасы ақпанмен салыстырғанда 15,8 пайызға арзандаған. Сәуір айында 4 пайызға дейін бәсеңдеген. Ал мамырда үйлердің бағасы 1,7 пайызға ғана төмендеген.