Қазақстанда тұз өндіретін жаңа зауыт пайда болады

189
тұзды
Фото: vezuteplo.ru

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылы Қызылордада тұзды өндіру, өңдеу және байыту кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жобаның құны 2,9 млрд теңгені құрайды. Алғашқы кезеңде жоспарланған қуаттылық 100 мың тонна, болашақта — 300 мың тонна болады.

Қызылорда облысы әкімдігінің хабарлауынша, жаңа өндіріс құрылыста 100 жұмыс орнын және зауыт жұмысында 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жобаны геологиялық барлаумен айналысатын «BSK Қаратау» ЖШС жүзеге асырады.