Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды

ЕАЭО
Фото: express-k.kz

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Мұндай ұсынысты бүгін Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында қоғам қайраткері Жәнібек Қожық айтты.

Оның айтуынша, бұл халықты толғандыратын қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

«Мәселені экономикалық жағынан зерттеп, қайта қарау керек. Біздің экономикамыз дамып келеді. Зейнет жасын жарты жылдан ұлғайтқанның орнына, жарты жылдан төмендету керек. Осылайша, 55-60 жаста тоқтату қажет», — деді Қожық.

Қазір әйелдердің зейнетке шығу жасы 59-да, ал ерлер 63-те зейнеткерлікке шығады. 2018 жылдан бастап елде әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63 жасқа дейін, ерлер үшін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Биыл әйелдер 59 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығады.