Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4,4%-ға жетті

50
зейнетақы
Фото: primeminister.kz

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қарашадағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады.

Даленовтің мәлімдеуінше, ЖІӨ өсу тенденциясы келесі көріністі көрсетеді. Өткен жылы қазан-қараша айларында ІЖӨ өсімі 4,1% құрады. 2018 жыл 4,1% өсіммен аяқталды. 2019 жылы қазан және қараша айларында экономиканың өсімі 4,4%-ды құрады.

«Экономиканың өсу факторы негізгі салаларда өндірістің өсуі, ішкі сұраныстың кеңеюі және қызмет көрсету секторын дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру болды. Шикізаттық емес сектор өсімге ең үлкен үлес қосты – 3,8%. Өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету секторы және құрылыс негізгі рөл атқарды. Осылайша, экономика өсімінің басым бөлігі шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілген», – деді министр.

Оның айтуынша желтоқсанда өсім төмендемейді деп айтуға негіз бар. Біріншіден, биылғы жылы экономиканың өсу динамикасы жоғары тенденцияға ие. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінде оң өсім бар.

Сонымен қатар, министр негізгі капиталға инвестициялар 8,3%-ға өскенін атап өтті. Жылдық инфляция 5,4%-ды құрады. Қаңтар-қазанда халықтың табысы 5,7%-ға өсті.

«Өнеркәсіптік өндіріс тұрақты өсу тенденциясын сақтап отыр. Қаңтар-қараша айларында өндіріс 3,6%-ға өсті. Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі 3,8%-ға жетті. Бұл машина жасауда (19,2%-ға) және фармацевтикада (16,7%-ға) өндірістің артуына, сондай-ақ қара металлургияда өндірістің қалпына келтірілуіне байланысты. Тау-кен өнеркәсібінде өсім 3,7% деңгейінде сақталды», — деді ол.

Дәленовтің айтуынша, құрылыс саласы өсімнің жоғары қарқынын көрсетіп келеді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1%-ға өсті.

«Ауыл шаруашылығы салаларында әртүрлі бағыттағы динамика байқалады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 3,9%-ға артты. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы 3,2%-ға төмендеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында аздаған төмендеу байқалады (-0,2%)», – деді Ұлттық экономика министрі.

Бірақ қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Саудада көлемдер 7,5%-ға, көлікте – 5,6%-ға және байланыста — 4,7%-ға өсті. 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда айналымы 79,1 млрд долларға жетті.

Бұл ретте өңірлердің көпшілігі негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамиканы көрсетеді, деп атап өтті Руслан Дәленов.

«Мәселен, өнеркәсіп бойынша 15 өңірде оң өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы бойынша Қостанай облысынан басқа барлық өңірлер өсім көрсетті», — деді ведомство басшысы.