Алиджан Рахманұлы Ибрагимов — қазақстандық ірі кәсіпкерлердің бірі.
1953 жылы 5 маусымда Өзбек КСР Ферғана облысында дүниеге келген.
Білімі
1970-1974 жылдары Мәскеу ветеринариялық академиясында білім алған.
Еңбек жолы
1960-1970 жылдары еңбек жолын Шу аудандық дайындау конторасында жұмысшы болып бастады.
1974-1989 жылдары «Центросоюзда» жұмыс істеді. (Токмак, Қырғыз КСР)
1989-1991 жылдары Қазақстандағы бизнесін бастады. Яғни, «Невада-Семей» коммерциялық орталығының бас директоры болды.
1991-1994 жылдары — «Невада-Семей»АҚ Бас директоры және басқарма төрағасы, президенті болды.
1994-1998 жылдары — «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
1998 жылдың қыркүйегінен бастап «Еуразиялық банк»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2001-2007 жылдары — Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды.
2002 жылы — «Қазхром»ТҰК АҚ президенті болып тағайындалды.
2004 жылы — «Қазхром» ТҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2005 жылы — «Алюминий Казахстана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2009 жыл — «Еуразиялық банк»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
1992 жылдан бастап бизнесмендер Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің серіктесі саналады.
Активтері
Алиджан Ибрагимов Eurasian Resources Group (IRG) 20,7%-ын иеленеді. Бұдан басқа, бизнесменге International Mineral Resources II B.V. (IMR) акцияларының 33,3%-ы, «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ (Еуразиялық банк, «Еуразия» СК) 33%-ы және «Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания»АҚ-ның 33%- тиесілі.
Отбасы
Жұбайы — Ибрагимова Мукадасхон Насиржановна.
Балалары: ұлдары — Достян (1981 ж.), Даврон (1982 ж.), Шухрат (1986 ж.), Фурхат (1987 ж.).
Forbes журналының нұсқасы бойынша 2018 жылдың наурыз айында Алиджан Ибрагимовтың жеке жағдайы 2,3 млрд долларға бағаланып отыр.
Марапаттары
- «Құрмет» Ордені (2004)
- ІІІ дәрежелі Барыс ордені (2010)[7]
- 2008 жылы Ресей қоғамдық наградасы — экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» Достық жұлдызы » орденімен марапатталған.
Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz