Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Нұрбол Сұлтан

64
Фото: docplayer.ru

Нұрбол Сарыбайұлы Сұлтан — 1976 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:

1997 жылы —  КазГАУ — ды экономика  мамандығы бойынша бітірген.

1997 жылы — Лондондағы Guildhall University қаржы менеджменті мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1999 жылы — «ҚазТрансОйл» ҰМТК» ЖАҚ мемлекеттік активтерді басқару департаментінің бастығы болды.

2001 жылы — «Мұнай және газ келігі» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бастығы болып сайланды.

2001 жылы  — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді..

2003 жылы — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорыныңдаму жөніндегі орынбасары ретінде еңбек етті.

2009 жылы — «ҚазТрансОйл»АҚ бас директоры лауазымына сайланды.

2004 жылы — «KazTransCom» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Отбасы:

Әкесі — Сарыбай Қалмырзаев (1949-2012) — ҚР Қаржы полициясы агенттігінің бұрынғы төрағасы және ҚР Президенті Іс Басқарушысы.

Анасы – Ахимбекова Үмітай Қасқатайқызы – 1949 жылы 1 қаңтарда туған.

Әйелі  – Сұлтан Анжелика Салаватқызы – 1976 жылы 27 шілдеде туған.

Балалары: ұлдары – Сұлтан Әлнұр  (2001 жылы 16 қазанда туған), Сұлтан Авраам ( 2013 жылы 1 маусымда туған),  Сұлтан Әлен (2004 шілденің 9 дүниеге келген).

Активтері:

Нұрбол Сұлтан — «АзияКредит Банк» АҚ-ның  иесі.

«KСЖ Aзия Life» АҚ-да 24% иеленіп, «Meridian Capital» ЖШС арқылы «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС үлесі бар.

«Ansagan Petroleum» ЖШС, «Maten Petroleum» АҚ, «TriasMunaiGas» ЖАҚ және «Petro Chemical Company» ЖСС-ның мүдделері бар.

2018 жылы Forbes сайты құрған «Қазақстандағы ең бай бизнесмендер» рейтингінде 42 сатыға орналасты. Өткен жылы Нұрбол Сұлтанның жағдайы 94 млн долларды құраған.

Дереккөз: forbes.kz,biznesbastau.kz,hommes.kz,old.kase.kz