Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Орифджан Шадиев

132
Шадиев Орифджан
Фото: forbes.kz

Шадиев Орифджан Кабулұлы — қазақстандық миллиардер, Eurasian Natural Resources Corporation Plc (ENRC) акционерлерінің бірі Патох Шадиевтің жиені, Өзбекстан Республикасында дүниеге келген.

Еңбек жолы:

2007 жылдан бастап — ENRC Logistics тобының бас директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың тамыз айында ENRC Logistics-тің еншілес компаниясы «Жол жөндеуші» ЖШС Орифджан Шадиевке сатылғаны белгілі болды. «Жол Жөндеуші» ЖШС қатысқан ірі жобалар: Жезқазған – Бейнеу темір жолы (Арал өңірі аумағы бойынша 200 км) және Жетіген – Қорғас темір жол тармағы.

2013 жылдың сәуірінде бахрейндік TAIB Bank B.S. C. меншігіндегі «ТАИБ Қазақ Банкі ЕБ» АҚ-ның 100% акциясын сатып алады.

2014 жылы ақпан — «ТАИБ Қазақ Банкі ЕБ» АҚ-ның атау «Capital Bank Kazakhstan»АҚ-ға өзгертілді.

Активтері:

Орифджан Шадиев — Capital bank Директорлар кеңесінің төрағасы және жалғыз иесі болып табылады. «One &Top» ЖШС, «PRIME System KZ» ЖШС және «Integra Construction KZ» ЖШС-де (бұрынғы «Жол Жөндеуші») үлесі бар. «PRIME System KZ» ЖШС арқылы итальяндық Todini Costruzioni Generali құрылыс компаниясына иелік етеді.

Банкир — «Ана үйі» қайырымдылық жобасының қатысушысы.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 31 сатыға орналасты. Өткен жылы Орифджан Шадиев жағдайы 177 млн долларды құраған.


Дереккөз: forbes.kz