Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Қайрат Мәжібаев

207
Фото: Prosports.kz

Мәжібаев Қайрат Қуанышұлы — бизнесмен әрі қоғам қайраткері. 1968 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы — Алматы медицина институтының педиатрия факультетін және клиникалық ординатураны бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты.

2004 жылы — Гарвард бизнес мектебінде 3 жылдық «Owner/President Management» бағдарламасын аяқтаған.

Кәсіпкерлігі:

1994 жылы — RG Brands компаниясын және «Resmi» компаниялар тобын құрды. 2010 жылы «RG Brands Kazakhstan»ЖШС «Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Алтын сапа жеңімпазы атанды.

Еңбек жолы:

1994-2008 жылдары — «Resmi» компаниялар тобының Бақылау кеңесінің төрағасы және президенті қызметтерін атқарды.

2004 жылдан бастап — «Resmi» Инвестициялық Қаржы Үйі » АҚ және «RG Brands» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

Әр жылдары «БТА» АҚ, «Династия» өмірді сақтандыру компаниясы, «KBS GARANT», «БТА Сақтандыру», «Құрмет» ЖЗҚ, «Premier Asset Management» ЖБК, «Республика» ЖЗҚ, Ұлттық инновациялық қор кеңесінің мүшесі болды.

2009-2010 жылдары — «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

Kazakhstan Growth Fund компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2009-2012 жылдары — Kazakhstan Growth Fund тәуелсіз директоры лауазымына сайланды.

«Innova Investment» ЖШС және «Resmi Тікелей инвестициялар» ЖШС (2013 жылдан бастап) Бақылау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2013 жылы — «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тәуеліз директоры болып тағайындалды.

Қоғамдық қызметтері:

2006 жылдан бастап — ҚР Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі, Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы-бақылау кеңесінің мүшесі болды.

2008 жылдан қазірге дейін — Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің мүшелігіне кіреді.

2010 жылы — Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңес мүшесі ретінде тіркелді.

2013 жылы — «Бәйтерек» ҰБХ «АҚ-ның «ИИДМБ екінші бесжылдығын қаржыландыру моделін жетілдіру» жобасын әзірлеу жөніндегі комитетті басқарды.

2013 жылдан бастап — Ирландияның Қазақстандағы Құрметті консулы болып тағайындалды.

2013 жылдан бастап — «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы — төралқа мүшесі, сауда комитетінің төрағасы, Қаржы секторы комитетінің мүшесі қызметтерін атқарады.

Respublika Foundation қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы болып табылады.

Марапаттары:

  • «Жыл кәсіпкері-2007» байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы
  • «Қазақстанның жыл кәсіпкері» құрметті атағы (Ernst & Young, 2007)

Активтері:

Қайрат Мәжібаев Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда еншілес компаниялары бар «RG Brands» ЖШС-нің 61,77% акциясына иелік етеді. Сондай-ақ, «Resmi компаниялар тобы» АҚ-да — 58%, «Resmi тікелей инвестициялар» ЖШС кіретін «Resmi Инвестициялық Қаржы Үйі» АҚ-да — 29% үлесі бар.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 48 сатыға орналасты. Өткен жылы бизнесменнің жағдайы 82 млн долларды құраған.

Отбасы:

Әкесі — Қуанышбай Әбдікерімұлы Мәжібаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор. 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болған.

Анасы — Римма Базарбекова, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Үйленген. Үш ұл тәрбиелеп отыр.

Дереккөздер: forbes.kzru.wikipedia.org