Мәжібаев Қайрат Қуанышұлы - бизнесмен әрі қоғам қайраткері. 1968 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1991 жылы - Алматы медицина институтының педиатрия факультетін және клиникалық ординатураны бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты.
2004 жылы - Гарвард бизнес мектебінде 3 жылдық "Owner/President Management" бағдарламасын аяқтаған.
Кәсіпкерлігі:
1994 жылы - RG Brands компаниясын және "Resmi" компаниялар тобын құрды. 2010 жылы "RG Brands Kazakhstan"ЖШС "Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша Алтын сапа жеңімпазы атанды.
Еңбек жолы:
1994-2008 жылдары - "Resmi" компаниялар тобының Бақылау кеңесінің төрағасы және президенті қызметтерін атқарды.
2004 жылдан бастап - "Resmi" Инвестициялық Қаржы Үйі " АҚ және "RG Brands" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Басқа да қызметтері:
Әр жылдары "БТА" АҚ, "Династия" өмірді сақтандыру компаниясы, "KBS GARANT", "БТА Сақтандыру", "Құрмет" ЖЗҚ, "Premier Asset Management" ЖБК, "Республика" ЖЗҚ, Ұлттық инновациялық қор кеңесінің мүшесі болды.
2009-2010 жылдары - "Қазтелерадио" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
Kazakhstan Growth Fund компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2009-2012 жылдары - Kazakhstan Growth Fund тәуелсіз директоры лауазымына сайланды.
"Innova Investment" ЖШС және "Resmi Тікелей инвестициялар" ЖШС (2013 жылдан бастап) Бақылау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2013 жылы - "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ тәуеліз директоры болып тағайындалды.
Қоғамдық қызметтері:
2006 жылдан бастап - ҚР Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі, Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы-бақылау кеңесінің мүшесі болды.
2008 жылдан қазірге дейін - Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің мүшелігіне кіреді.
2010 жылы - Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңес мүшесі ретінде тіркелді.
2013 жылы - "Бәйтерек" ҰБХ "АҚ-ның "ИИДМБ екінші бесжылдығын қаржыландыру моделін жетілдіру" жобасын әзірлеу жөніндегі комитетті басқарды.
2013 жылдан бастап - Ирландияның Қазақстандағы Құрметті консулы болып тағайындалды.
2013 жылдан бастап - "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы — төралқа мүшесі, сауда комитетінің төрағасы, Қаржы секторы комитетінің мүшесі қызметтерін атқарады.
Respublika Foundation қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы болып табылады.
Марапаттары:
- "Жыл кәсіпкері-2007" байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы
- "Қазақстанның жыл кәсіпкері" құрметті атағы (Ernst & Young, 2007)
Активтері:
Қайрат Мәжібаев Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда еншілес компаниялары бар "RG Brands" ЖШС-нің 61,77% акциясына иелік етеді. Сондай-ақ, "Resmi компаниялар тобы" АҚ-да - 58%, "Resmi тікелей инвестициялар" ЖШС кіретін "Resmi Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ-да - 29% үлесі бар.
2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 48 сатыға орналасты. Өткен жылы бизнесменнің жағдайы 82 млн долларды құраған.
Отбасы:
Әкесі - Қуанышбай Әбдікерімұлы Мәжібаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор. 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болған.
Анасы - Римма Базарбекова, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Үйленген. Үш ұл тәрбиелеп отыр.
Дереккөздер: forbes.kz, ru.wikipedia.org