Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Тәтішев Еркін

815
Фото: Forbes.kz

Тәтішев Еркін Нұрелдайымұлы — 1976 жылы 22 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі:

1999 жылы — Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика Университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алды.
2002 жылы — Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдады.
2009-2010 жылдары Оксфорд университетінің Сан-Антонио колледжінің мүшесі болды.

Еңбек жолы:

1994 жыл — «Славинвестбанк» ЖШҚ-да маман ретінде жұмыс істеді.
1996 жылы — «Славинвестбанк» ЖШҚ Басқарма мүшесі, кейіннен Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1997 — 1998 жылдары «Астана-Холдинг»АҚ инвестициялық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
1998 — 2002 жылдары — «Қостанай минералдары» АҚ президенті болып сайланды.
2002 — 2004 жылдары «Қостанай минералдары» АҚ және «Оренбург минералдары»ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2004 жылы — «ТұранӘлем Банкі»АҚ төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі болды.
2006-2009 жылдары — «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, содан кейін Sekerbank T.A. S. Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары ретінде еңбек етті.
2010 жылдан бастап — «Kusto Managment Limited» Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
2017 жылы — Алматыда Сан-Диего High Tech High мектебінің үлгісі бойынша жобалық оқыту қағидаларына негізделген алғашқы мектепті ашты.

Отбасы:

Әкесі — Тәтішев Нұрелдай (1940 жылы дүниеге келген), қарапайым ауыл дәрігерінен Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.
Анасы — Алтай Шомашева (1940 жылы туған), орта мектептегі физика мұғалімі.
Ағасы — Тәтішев Ержан Нұрелдайымұлы (1967-2004) — қаржыгер, банкир, «ТұранӘлем» Банкі Басқармасының төрағасы және оның ірі акционері болған.

Активтері:

Еркін Тәтішев — Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Вьетнамда, Таиландта, Украинада, Түркияда, Грузияда және Израильде активтері бар Kusto Group-тің тең иесі және төрағасы. Сондай-ақ, бизнесмен «Қостанай минералдары» АҚ және «Оренбург минералдары» ААҚ кіретін United Minerals Group Limited-тің, «Щучье гормолзаводы» ЖШС, KazBeef Processing және KazGrain Feeders компанияларын біріктіретін «KazBeef Group» ЖШС-нің үлестеріне ие.

Дереккөз: forbes.kz, ru.wikipedia.org, tatishevfoundation.kz