Білімі:
1999 жылы - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика Университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алды. 2002 жылы - Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдады. 2009-2010 жылдары Оксфорд университетінің Сан-Антонио колледжінің мүшесі болды.Еңбек жолы:
1994 жыл - "Славинвестбанк" ЖШҚ-да маман ретінде жұмыс істеді. 1996 жылы - "Славинвестбанк" ЖШҚ Басқарма мүшесі, кейіннен Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1997 - 1998 жылдары "Астана-Холдинг"АҚ инвестициялық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 1998 - 2002 жылдары - "Қостанай минералдары" АҚ президенті болып сайланды. 2002 - 2004 жылдары "Қостанай минералдары" АҚ және "Оренбург минералдары"ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2004 жылы - "ТұранӘлем Банкі"АҚ төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі болды. 2006-2009 жылдары - "БТА Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, содан кейін Sekerbank T.A. S. Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары ретінде еңбек етті. 2010 жылдан бастап - "Kusto Managment Limited" Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2017 жылы - Алматыда Сан-Диего High Tech High мектебінің үлгісі бойынша жобалық оқыту қағидаларына негізделген алғашқы мектепті ашты.Отбасы:
Әкесі - Тәтішев Нұрелдай (1940 жылы дүниеге келген), қарапайым ауыл дәрігерінен Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған. Анасы - Алтай Шомашева (1940 жылы туған), орта мектептегі физика мұғалімі. Ағасы - Тәтішев Ержан Нұрелдайымұлы (1967-2004) — қаржыгер, банкир, "ТұранӘлем" Банкі Басқармасының төрағасы және оның ірі акционері болған.Активтері:
Еркін Тәтішев - Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Вьетнамда, Таиландта, Украинада, Түркияда, Грузияда және Израильде активтері бар Kusto Group-тің тең иесі және төрағасы. Сондай-ақ, бизнесмен "Қостанай минералдары" АҚ және "Оренбург минералдары" ААҚ кіретін United Minerals Group Limited-тің, "Щучье гормолзаводы" ЖШС, KazBeef Processing және KazGrain Feeders компанияларын біріктіретін "KazBeef Group" ЖШС-нің үлестеріне ие.Дереккөз: forbes.kz, ru.wikipedia.org, tatishevfoundation.kz