Қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатын кімге сеніп тапсыруды өздері шешетін болады

34
Ұлттық
Фото: baribar.kz

27 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz — Ұлттық банк дайындаған концепция бойынша БЖЗҚ сол қалпында зейнетақы шоттарының администраторы мен  бірыңғай есеп орталығы болып қала бермек. Бұл туралы бүгін Алматыдағы брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Акишев айтты. 

«Салымшының таңдау мүмкіндігі болу керек. Біз ақшаны жақсы басқара аламыз, әрі оны мақтан тұтамыз. Бірақ бұл нарықта бәсекеге орын болу керек. Салымшы компания мен инвестициялық стратегияны өзі таңдаса дұрыс болады», – деді Ұлттық Банктің басшысы.

Ұлттық банк БЖЗҚ  валюталық портфелінің  бөліну стратегиясын өзгертті. Енді салымшылардың ақшалары түрлі қорларға инвестициялануы мүмкін.

Данияр Акишев зейнетақы активінің бір бөлігі  дамушы нарықтың «Глобалды облигациялары» мандаты бойынша Aviva Investors-тың сырқы басқаруына берілгендігін еске салды.Ал басқа мандаттар бойынша зейнетақы активтері әлі де аударылып жатыр немесе сыртқы бақарушыларға арналып тендерге қойылды.

2018 жылы сәуір айында БЖЗҚ-ның  портфелінде сыртқы басқаруға активтер шықты. Оның ең алғашқы басшысы британиялық  Aviva Investors Global Services Limited компаниясы, ол компанияға 220 млн доллар аударылған.