Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 54,7 млрд теңгеге көбейді

жинақтары
Фото: economiology.com

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда салымшылардың зейнетақы жинақтары 54,7 млрд теңгеге (0,6%) ұлғайып, 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 9 432,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы 1 ақпанда 3 707,4 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2019 жылғы қаңтарда 15,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы
1 ақпанда 9,9 млн шотты құрады.

2019 жылғы қаңтарда зейнетақы төлемдерінің сомасы 31,5 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі, бұрынғыша, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 43,3%-ы және 29,2%-ы) тиесілі.