Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

450
Қазақстанның
Фото: teleskop-by.org

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның сыртқы қарызы 2019 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 3,7%-ға қысқарды.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша міндеттемелер 158,3 млрд долларды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 164,4 млрд доллар (-3,7%). Осылайша, жыл ішінде бұл сома 6,1 млрд долларға азайды.

Құрылымда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Негізгі үлес, бұрынғысынша, фирмааралық қарыздарға тиесілі — 100,2 млрд доллар, тағы 39,7 млрд доллар басқа секторлардың сыртқы қарызы.

Шамамен 17 млрд доллар борыштық бағалы қағаздарға тиесілі. Бұл үлес бір жыл ішінде 12,4%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарының қарызы 11,9 млрд долларды (+11,2% немесе 1,2 млрд доллар), ал банктердің қарызы – 5,6 млрд долларды (-6,6% немесе 395 млн доллар) құрады. Ал екінші тоқсанда Ұлттық банктің сыртқы қарызы айтарлықтай қысқарды: 1,2 млрд доллардан 759,4 млн долларға дейін (-41,6%).