Қытайдың Халық банкі юань курсын төмендетті

Фото: Reuters

Қытайдың Халық банкі долларға қатысты юань курсын 0,43%-ға төмендетті. Мұндай көрстекіш соңғы рет 2011 жылдың ақпан айында тіркелген, деп хабарлайды РИА Новости.

Орталық банк 30 мамырға арналған валюта курсын 6,5784 юань деңгейңнде белгілеген. Бұл жұма күнгі 6,5490 юаннан 294 пунктқа жоғары. Дегенмен реттеуші ақпаратына сәйкес, аталған курс 2011 жылдан бері тіркелген ең төменгі бағам.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында Қытайдың Халық банкі әлемдік қор нарығында долларға қатысты юань бағамын 1,5%-ға дейін күрт әлсіреткен болатын. Бұл 2015 жылғы юань бағамына қатысты ең ірі құлдырау болды. Кейінірек Қытай билігі валютаны нығайтуды қолға алды.