Қызылорда облысында қанша тұз өндіріледі

тұзын
Фото: novostivolgograda.ru

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Қызылорда облысында ас тұзын өндіруді ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы аймақтың индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аймақта 10-ға жуық тұз кен орны орналасқан. Шикізат өндіретін және экспорттайтын компаниялар қазақстандық нарықты отандық өніммен 40% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «Аралтұз» Жақсықылыш кен орнында тұз өндіреді, ол екі бассейннен тұрады – Оңтүстік және Солтүстік. Осы бассейндердің тұз қоры бүгінгі күні 16 млн тоннаны құрайды.

«Қазіргі уақытта тұз Оңтүстік бассейннен өндіріледі. Жыл сайын компания 550 мың тонна тұз өндіреді және алдағы жылдары өндірісті ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қайта құру нәтижесінде өндіріс пен сату көлемі үш есе өсті, ал экспорттық өнім үлесі 71%-ке жетті», — деп атап өтті басқармада.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 5,4 млрд теңгеге 263,8 мың тонна өнім, ал 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1,3 млрд теңгеге 62,5 мың тонна өнім өндірілді. Сонымен қатар, өнімдер Ресейге экспортталады.

Тағы бір кәсіпорын Арыс кен орнында тұз өндіруді жоспарлап отыр. Кен орнының бекітілген қоры 431,4 мың тоннаны құрайды.