Ренессанс Капитал – Мәскеу, Лондон, Нью-Йорк, Лагос, Найроби, Йоханнесбург, Кейптаун, Каир және Никосияда кеңселері орналасқан, халықаралық инвестициялық компания. 1995 жылы Стивен Дженнингс (Stephen Jennings), Борис Йордан, Леонид Рожецкин, Антон Кудряшов и Ричард Дитц (Richard Deitz) серіктестігімен Ресейде құрылды.
Компания 2012 жылдан бері ресейлік миллиардер Михаил Прохоровқа тиесілі Ресейдегі ең ірі жеке акционерлік холдингтік компаниялардың бірі ONEXIM тобының бір бөлігі болды.
Ренессанс Капитал қарыздық және үлестік капитал нарығындағы инвестициялық банкинг, M&A операцияларын (бірігу және жұту), акциялармен, облигациялармен, валюталармен және туынды құралдармен жұмыс істеуді, репо және қаржыландыруды, негізгі брокерлік қызметтерді және аналитика жасаумен айналысады.
Компанияның жалпы активтері мен капиталы 2021 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша тиісінше 3,62 миллиард долларды және 476 миллион долларды құрады.
Ақпарат: wikipedia-дан аударылды. Сапалы аударма қызметін ұсынған - Medialab.kz коммуникация агенттігі