Ресейліктерге Еуроодақтан жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салынады

ЕО. 5 мамыр. 7kun.kz – Еуропалық Одақ санкциялардың алтыншы пакеті аясында Ресей азаматтарына ЕО-да жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салады. Шектеу жеке және заңды тұлғаларға қатысты болады, деп хабарлайды 7kun.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Бұл санкциялар ЕО елдерінде немесе Швейцарияда азаматтығы немесе тұруға рұқсаты бар ресейліктерге әсер етпейді.

Украинаға жасалған шабуылдан кейін Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті туралы 4 мамырда Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен хабарлады. Сонымен қатар, шектеулерге ресейлік мұнай экспортына эмбарго және Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажырату кіреді.

Сондай-ақ Bloomberg хабарлауынша, Еуроодақ еуропалық соттар мен компанияларға ресейлік мұнайды бүкіл әлем бойынша тасымалдауға, соның ішінде сақтандыру саласында қызмет көрсетуді ұсынатынын хабарлады.

Санкциялар күшіне енуі үшін оны Еуроодақтың барлық елдері мақұлдауы керек.