Ресейлік кәсіпкер «Бұл бургер, Карл» брендімен мейрамхана ашады

Ресейлік кәсіпкер Сергей Богоделов «Бұл бургер, Карл» деп аталатын мейрамханалар желісін ашуға шешім қабылдады. Мейрамханалар Пермя, Екатеринбург және Тюмень қалаларында 26 қазан күні өз жұмысын бастайды деп хабарлайды vc.ru.

 Бұдан бұрын С. Богоделов американдық Carl’s Junior франшиздік желісін басқарған болатын. Осы марка арқылы 10 мейрамхана ашуды жоспарлайды. Бірақ жеткізушілер бағасының тым жоғары болуына байланысты серіктестіктен бас тартып отыр.
«Бізді франшизалардың шарттары қанағаттандырмайды. Соңғы жеті айда шығын көп болды. Carl’s Junior үшін орындарды жалға алуда және франшиздерге қаржы төлеуде қарыз болдық», — деді кәсіпкер.

Бизнесмен осындай ребрендингтің болуы мейрамханалардың танымалдылығын арттырады деп санайды. «Ай сайын біздің мейрамхана желісіне 30 мың адам келіп кетеді. «Бұл бургер, Карл» ребрендингі арқылы олардың саны артуы мүмкін», — деді ол.