Ресейлік кәсіпкер Сергей Богоделов «Бұл бургер, Карл» деп аталатын мейрамханалар желісін ашуға шешім қабылдады. Мейрамханалар Пермя, Екатеринбург және Тюмень қалаларында 26 қазан күні өз жұмысын бастайды деп хабарлайды vc.ru.
Бұдан бұрын С. Богоделов американдық Carl's Junior франшиздік желісін басқарған болатын. Осы марка арқылы 10 мейрамхана ашуды жоспарлайды. Бірақ жеткізушілер бағасының тым жоғары болуына байланысты серіктестіктен бас тартып отыр.