Россельхознадзор қазақстандық компанияға ет тасымалдауға тыйым салды

608

Мәскеу. 10 наурыз. 7kun.kz — Россельхознадзор қазақстандық «СБМ-КST» ет комбинатына Ресейге жалған ветеринарлы сертификатпен ет өнімдерін кіргізуге тырысқаны үшін федерацияға тауар кіргізуге тыйым сады. Бұл туралы milknews.ru сайты жазды.

Кейінірек Ресей қазақстандық серіктестеріне аталған компанияны Кедендік одақ тасымалдаушылар қатарынан алып тастау туралы өтініш жіберген. Ведомствоның айтуынша, Венгрияда жасалған Қазақстан өнімдері Ресейге екі ел арасындағы тауар тасымалдауға міндеттелген ветеринарлы сертификат алынғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.

Ресейліктер мұндай хатты Венгрияның ветеринарлы қызметіне де жолдаған. Венгрия ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға кеткен өнімдердің сапасы тиісті құжатпен расталғанын айтып жауап берген. Ал Россельхознадзор «Қазақстанның елге етті алаяқтық жолмен кіргізбек болған» деп айыптап, «СБМ-КST» кәсіпорнына тыйым салу туралы шешім қабылдаған.