Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

10 жылдан соң банктер болмауы мүмкін бе?

10 жылдан соң банктер болмауы мүмкін бе?

Алдағы он жылда банк саласында елеулі өзгерістер болады. Осы кезеңнің соңында біздің үйреншікті банктер мүлде болмайды. Бұл туралы Альфа-банктің директорлар кеңесінің мүшесі әрі "Альфа - Групптың" иегері, бақылау кеңесінің басшысы Михаил Фридман мәлімдеді жеп жазады РБК.

«Уақыт өте келе банк деген ұғым болмайды. Бұған менің көзім жетеді», — деп мәлімдеді М. Фридман. Фридманның сөзінше, ең үлкен өзгеріс банктердің төлем қызметінің жоғалуымен байланысты болады. Әлемнің барлығы digital-business құрылымының түрленуі арқылы төлемнің онлайн-режиміне ауысады. «Әртүрлі жерлерде түрлі шешімдер болады. Бұл қаржылық сервисті жылдам дамытқысы келетін ұялы операторлар базаасында көп болады. Ал кейбіреуі жаңа компаниялардың базасында болады. Тағы бірі төлем компаненті мен жүйелілігін бөліп тұратын бан базаларында болады. Бірақ транзакциялық бизнес банктің алдағы уақыттағы ұғымында болмайды», — деп түсіндірді Фридман. Оның сөзінше, банктер спецификалық заттарға және банктік қадамды талап ететін салада өзінің күшін біріктіреді. «Транзакциялар арнайы жеке фокустарды талап ете алмайды. Ұялы оператор бұл бизнесті оңай көтере алады деп сенемін. Кредиттік сараптама - бұл барынша ерекше ұғым. Немесе ипотека. Бұл артық фокусты қажет етеді. Меніңше, он жылдан кейін банктер дәл осы саламен айналысатын компаниялармен түсіністік орнатады. Яғни кредиттік тәуекелдер мен оны дұрыс алу үшін нақты сараптама жасайды», — деді Фридман. Ал бұдан бұрын Сбербанктің басшысы Герман Греф акционерлердің жылдық жиналысында банктердің бәсекелестері ірі банктер емес, интернет-ресурстар болатынын мәлімдеген еді.

Похожие материалы