Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі 11 сәуірге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 313,21 теңге, 1 еуро — 331,34 теңге, Ресей рублі — 5,46 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 388,35 теңге, жапон йені— 2,82 теңге, 1 қытай юаны — 45,39 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,59 теңге, 100 өзбек сумы— 8,58 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 сәуірде ресми валюта бағамын бекіту кезінде 313,21 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.