Экономика
15 қазанға арналған доллар бағамы 276 теңгені құрады
2015 жылдың 15 қазанына арналған теңгенің долларға қатысты бағамы 275,99 теңгені құрады.
Жекелеп айтқанда, АҚШ доллары - 275,99 теңге, еуро - 314,74, РР - 4,37, фунт стерлинг - 423,84, қытай юаны - 43,49, қырғыз сомы - 3,99, 100 өзбек сумы - 10,43 теңге.
Сбербанк долларды 278,00 теңгеден сатып жатыр. Қазком болса, америкалық валютаны 277,60 теңге саудалауда. Халық банкі сауданы 277,50 теңгемен жүзеге асырып жатыр.
KASE кешкі саудасында доллардың орташа бағамы 276,66 теңге болған еді. Сауда көлемі - 16 000 долларды құраған.