Экономика
Авто
15 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы
Қазақстан Ұлттық банкі бейсенбі күні 15 қаңтарға арналған шетел валюталарына қатысты бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
АҚШ доллары — 365,23 теңге, 1 еуро — 398,32, ресей рублі — 4,77 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 524,84 теңге, жапон йені— 3,10 теңге, 1 қытай юаньы — 55,43 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,81 теңге, 100 өзбек сумы— 13,01 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстандық қор биржасындағы 14 қаңтардағы таңғы сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты бағамы 365,23 деңгейінде нақтыланды.