Познавательный
2 мыңнан аса қазақстандық жеңілдетілген автонесие алады
«Қазақстанның Даму банкі» (ҚДБ) 2015 жылдың 26 мамырына дейінгі көрсеткіш бойынша жалпы сомасы 7,1 млрд теңге болатын 2207 өтінішті мақұлдады. Жеке тұлғалардан түскен өтініштер жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша қарыз алуға байланысты.
«ҚДБ-не келіп түскен 208 өтініш мақұлдауда жатыр. Мақұлдау уақыты келіп түскен мезгілден 1-3 жұмыс күндері ішінде қабылданады», - дейді қаржы мекемесінде.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның Даму банкі 2015 жылдың 20 сәуірінде іске қосылған жеңілдетілген автонесие бағдарламасының операторы.
Бағдарлама аясында ұлттық қордан жеке тұлғалардың
несие алуы үшін 15 млрд теңге бөлінген. Аталған бағдарлама бойынша Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерді алуға болады.
Жеңілдетілген автонесие алу шарттарын мына жерден
оқи аласыз.