Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2014 жылдың ең танымал смайлы белгілі болды

2014 жылдың ең танымал смайлы белгілі болды

Сайттар, блогтар мен әлеуметтік желілердің тілін зерттейтін The Global Language Monitor (GLM) атты американ қоры жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2014 жылы Интернеттегі ең танымал символ боылп жүрек түріндегі смайл-эмодзи танылыпты.

GLM ұсынған ақпаратқа қарағанда смайл-эмодзилерді (анимация түрінде де кездесетін түрлі-түсті суреттер) қолданушылар өз көңіл-күйлерін жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда да жиі қолдана бастапты.

Бүгінгі күні компьютерлер мен мобилді электронды құрылғылар 722 эмодзиді түсінеді, ал осы жылдың басынан бастап тағы 250 символ қолданысқа енгізілмекші.

"Ағылшын тілі қазір өз тарихындағы ең үлкен өзгерістерді басынан өткеріп жатыр. Тілдік қолданысқа еніп жатқан символдар саны өте көп", - деді The Global Language Monitor президенті Пол Пэйак.

Дереккөз: РИА Новости

 

Похожие материалы