Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015-16 жылдары автожол жобаларын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінбек

2015-16 жылдары автожол жобаларын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінбек

"Нұрлы жол" бағдарламасының аясында 2015-2016 жж автожол жобаларын іске асыру үшін Ұлттық қордан 301 млрд теңге бөлінеді деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Марат Құсайынов. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.

"Автожол жобаларын іске асыру үшін Ұлттық қордан 301 млрд теңге бөлінеді, 2015 жылы - 178 млрд теңге, 2016 жылы - 123,3 млрд теңге. Бұл ретте 6,3 млрд доллар соммасына халықаралық қаржы ұйымдары қарызының трапынан қосымша қаржы қамтамасыз етіледі", - деді М.Құсайынов.

Оның айтуынша, 2015 және 2020 жылдар аралығында "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Шығыс", "Орталық-Батыс" ірі автожол жобалары іске асырылады және елдің барлық өңірлерінде республикалық маңызға ие автожолдар қайта жөндеуден өтеді.

"Жобаларды іске асырудың экономикалық эффектісіне өнімнің өзіндік құнында көлік шығындарын қысқарту, аймақаралық тасымалдардың жылдамдығын арттыру мен сәйкесінше уақыт шығын қысқарту және жол пайдаланушыларының пайдаланушылық шығындарының, сонымен қатар ЖКО санын азайту есебінен қол жеткізіледі", - деп нақтылады ол.

Похожие материалы