Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылдың 7 айындағы қазақстандық автобизнестің көрінісі

2015 жылдың 7 айындағы қазақстандық автобизнестің көрінісі

2015 жылдың алғашқы жеті айының ішінде Қазақстан автокөліктерінің сатылымы арқылы ресми дилерлер 1,3 млрд доллар пайда тапқан. Бұл деректерді Қазақстандық автобизнес қауымдастығы жария етті.

2015 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейінгі аралықта ресми дилерлер 61 803 автокөлік сатқан. Өткен жылмен салыстырғанда сауда құлдырауы 33 пайызды құрады. Жыл басынан бері жаңа автокөліктер сатылымынан нарық 1,3 млрд доллар пайда тапты. Бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,65 пайызға төмен. Ұлттық өндірушілердің үлесінде - 249,1 млн доллар. Импорттаушылардың үлесі болса, көбірек - 1 млрд доллардан астам. Жеті айдың қорытындысы бойынша нарықтық көрсеткіштердің төмендеуі Suzuki (-83,72%) брендінде байқалды. Қазақстандық нарықтағы ең көп сатылған автокөліктер - Lada (18 635 көлік). Одан кейінгі орындарда - Hyundai (8021 көлік), Kia (2014 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда -3424 көлік), Toyota (4968 көлік) және Renault (3994 көлік).

Қазақстанда жасалған

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында отандық өндірістен шыққан 10 740 автокөлік сатылған. Десе де, 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда бұл шама 44,1 пайызға аз. Қазақстандық автокөліктерің ішінде ең танымалы - жеңіл автомобильдер. Жалпы сауданың 52 пайызы осыларға тиесілі. Жеңіл автокөліктер ішінде С сегменті жиі сатылатындар қатарында (3592 көлік). Отандық автокөлік сатылымындағы жол таңдамайтын көліктердің үлесі - 43 пайыз. Еліміздегі ең танымалдары - LADA 4x4, Kia Sportage, Hyundai Tucson, SsangYong Nomad және Toyota FORTUNER. Аталған сегменттегі көп сатылатын автомобиль -SsangYong Actyon Sports. 23 шілде күнгі жағдай бойынша, Қазақстанның даму банкі 11 501 млрд теңгеге 3663 өтініш рәсімдеген.

Похожие материалы