Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 15,65% құрады

2015 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 15,65% құрады

2015 жылы зейнетақы жарнасының кірістер  сомасы 657,6 млрд теңгені құрады, ал БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 2015 жылғы 13,6% инфляция деңгейі бойынша 15,65% болды. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 5,83 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

2016 жылдың 1 қаңтарында БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттары 10,116,751 бірлікті құрады.

 "БЖЗҚ салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық кіріс 2015 жылы 761,40 млрд теңгені болды. Зейнетақы төлемдері мен аударым көлемі - 141,12 млрд теңге, сонымен қатар сақтандыру компанияларына аударылған сома - 24,23 млрд теңге болды. Салыстыру үшін: 2014 жылы БЖЗҚ зейнетақы төлемдер сомасы 93,04 млрд теңгені құрады, ал сақтандыру ұйымдарына аударылған сома - 13,6 млрд теңге", - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото: bisnews.kz

Похожие материалы