
«Меломан» компаниясы 2015 жылы ең көп сатылған музыкалық альбомдардың тізімін жариялады. Айта кетерлігі Шәмші Қалдаяқовтың үш ән жинағы үздік ондыққа кірген. Ең көп сатылатын үздік ондықта «Музарт» тобының екі альбомы да бар. Бұл туралы radiotochka.kz хабарлайды.
Сонымен ең көп сатылған ән жинақтар мыналар:
- Музарт «Есiңе ал»
- Батыр «Твои шаги»
- Шәмші Қалдаяқов «Менiң Қазақстаным» (2CD)
- Музарт «Сенің көзің»
- Дос-Мұқасан «Бiзге 40 жыл»
- Асылбек Еңсепов «Адай»
- Шәмші Қалдаяқов «2»
- Мейрамбек Бесбаев «Аяулыма»
- Шәмші Қалдаяқов «1»
- Домино «Стон"
«Меломан» өкілдерінің айтуынша былтырғы жылы жалпы саны 10 мың жинақ сатылған. Компания өкілдері музыканы интернеттен тыңдау немесе көшіріп алу сатылымның төмендеуіне әсер етуде. 2010-2015 жылдары аралығында альбом шығару 70%-ға азайған.