Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы Халық банкі таза пайданы 12,6%-ға төмендетпек

2015 жылы Халық банкі таза пайданы 12,6%-ға төмендетпек

Қазақстандық коммерциялық Халық банк 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бойынша 100 млрд теңге көлеміндегі жиынтықтлған таза пайданы алуды жоспарлап отыр деп хабарлады банк басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова.

"2015 жылы 100 млрд теңге шамасындағы таза пайданы болжап отырмыз, провизия шығындры 1% көлемінде болады деп ойлаймыз және жағдайдың одан әрі қалай өрбитіндігіне қарай әрекет жасаймыз. Шығын мен табыс қатынасының коэффициенті 30% шамасында болады деп топшылаймыз", - деді ол алматыда өткен пресс-конференция барысында.

Халық банк 2014 жылы ҚЕХС бойынша 114,4 млрд теңге көлеміндегі жиынтықталған таза табысты алған еді. Осылайша, банктің таза табысы 2015 жылы өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға төмендеуі мүмкін.

Ү.Шаяхметованың болжамынша несиелік қоржынның өсімі 10-12% көлемінде болады.

Таза маржа 5,5-6% аралығында болуы мүмкін.

Банк 2014 жыл үшін дивиденттердің төленуін де болжап отыр.

Похожие материалы