Belty — "ақылды" белдік
Егер сіз күні бойы белдігіңізді бірнеше рет тартып, қайта жұмсартып жүрер болсаңыз "ақылды" Belty белдігі сіз үшін ойлап табылған. Мысалы, тамақтанған кезде ішіңізге түскен белдіктің қысымын азайту, ал тамақтанып болып, үстелден тұрған соң қайта ыңғайлы жағдайға дейін тарту керек. Ал Belty-дің ұзындығы автоматт түрде реттеліп отырады. Бұл қызметіне белдіктің ілмегінің артына жасырынып тұрған қозғалтқыш жауап береді.
Париждік Emiota стартабының негізін қалаушылардың бірі Карина Кульмнің сөзінше, CES-те Belty толығына дейін өңделмеген нұсқасы көрсетілген, бірақ соның өзі көрмеге қатысушылардың назарын аудара білді. Әзірге "ақылды" белдікті сатылымға шығару туралы жоспар жоқ. Дегенмен де, олардың ойынша, аксессуардың келесі буынына адам денсаулығын бақылап отыратын басқа да құралдар енгізіледі.
Smart Spider Dress "технокөйлегі"
Smart Spider Dress — Анук Виппрехт ойлап тапқан ерекше көйлектің бірі. Былай қарасаңыз, көйлек иесі үлкен өрмекші тағып тәрізді көрінеді. Иық тұсқа оның табандары орналасқан, мойын мен жанына тігілген жарық диодты қара тастар өрмекшінің көздерін еске түсіреді. Айта кетейік, Intel Edison платформасына байланысты тәжірибелі көйлек "ақылды" құрылғылар тобына жатқызылады.
Киімге тігілген 2 ядролы микропроцессор өз иесінің көңіл-күйін түсініп, соған байланысты "қимылдайды". Құрылғы қыздың дем алысы жиілеп, оған жақындаған обьектіні сезгенде "өрмекші" оны жақындап келе жатқан қауіп ретінде қабылдап, табандарын "жаяды", "көздері" агрессивті түрде жарқылдай бастайды. Егер басқа адам асықпай, сабырмен жақындаса( құрылғы 7 метр жердегі қашықтыққа дейін жұмыс істейді), "киімнің де қимылы нәзігірек болады", дейді Виппрехт.
iGrow — шаш өсіруге арналған дулыға
Алыстан қарағанда iGrow виртуалды бейнедегі дулығаға ұқсауы мүмкін. Бірақ оның негізгі мақсаты бас терісіне төменгі жиіліктегі лазерлі сәулелену арқылы шаш қабатының өсуіне ықпал ету болып табылады. Шаш қайтадан өсе бастау үшін құрылғыны аптасына 4 рет, күніне 25 минуттан киіп жүру керек дейді құрастырушылар. Ал емделуші бұл уақытт зерікпес үшін ол арнайы құлаққаптар арқылы музыка тыңдай алады.
iGrow терапиясының тиімділігі дәлелденген жоқ. АҚШ-тағы азық-түлік өнімдері мен дәрілік препараттардың сапасын бақылаушы басқарма осы жылы ғана құрылғыны сатуға рұқсат берді. Оның бағасы 695 доллар тұрады.
Digitsole — автоматты түрде жылытатын ұлтарақ
Glagla компаниясының өнертапқыштары 2015 CES суық қыс үшін өте қажет болатын табанды жылыту және калорияны есептеу функцилары бар ұлтарақтар алып келді. "Ақылды" ұлтарақтар Bluetooth арқылы смартфонға қосылады, ал қажетті температура (48С) қосымшаға (Android/iOS) енгізіледі. Digitsole аяғыңызды 6-9 сағатбой жылытып отыратындықтан оны түні бойы қуаттандырып қою қажет.
Өткен жылы бұл аксессуар Kickstarter сайты арқылы қаржыландырылды. Ақпан айында ұлтарақтар әр жұбы үшін 200 доллармен АҚШ және Еуропада сатылымға шықты. Сондай-ақ, арзанырақ, 75 доллар тұратын Digitsole-дың жазғы үлгісі шығарылмақ. Бірақ ол автоматты жылыту функциясынсыз жұмыс істейді.