Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдан бастап Қазақстанда нан өнімі тапшы болуы мүмкін

2016 жылдан бастап Қазақстанда нан өнімі тапшы болуы мүмкін

2016 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа қиындықтарға тап болуы мүмкін. Халық банк басшысы Үміт Шаяхметова  фермерлерді қаржыландыру болмағандықтан егін көлемі азаяды деп есептейді. Бұл туралы LS хабарлайды.

Ол жыл сайын ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер жиі туындап жатқанын атап өтті.

"Мен басты назарды мұнай бағасы немесе девальвацияға емес, егін мәселесіне аударғым келеді. Осы жылғы егін жайы онша жақсы емес. Мен ауыл шаруашылығындағы жағдайдың қиын болып жатқанын айтып келемін. Біз оны дәнді-дақыл компанияларының жұмысынан байқаймыз", - деп түсіндірді Ү. Шаяхметова.

Оның болжауынша, 2016 жылы жыл сайын себілетін егін көлемі қысқаруы мүмкін.

"Келесі жылы өткен жылдардағы себілген егіннің 50 пайызы ғана егілуі мүмкін. Бұдан дән өнімдері мен нан тапшы болады және бұл нан бағасына әсер етеді. Менің ойымша, осы мәселені ойлану керек. Қазіргі уақытта барлық ауыл шаруашлығы шығынға батып отыр. Мен осы салаға алаңдаймын", - деді ол.

Еске салайық, бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков нан бағасы еркін айналымға жіберілетін туралы мәлімдеген еді. Ол соңғы жылда7-8 млрд теңге жұмсалғанын айтқан болатын.

Фото: zhambylnews.kz

Похожие материалы