Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың қазанында инфляция 0,6% құрады

2016 жылдың қазанында инфляция 0,6% құрады

Астана. 30 қараша. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы қазанда инфляция 0,6% (2015 жылғы қазанда – 5,2%) болды.

Азық-түлік тауарлары 0,8%-ға , азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2%-ға (1,1%-ға өсу) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы қазанда, көбінесе жұмыртқаның бағасы 7,5%-ға, шай – 6,0%-ға, көкөністер – 2,1%-ға, құс – 1,5%-ға, кондитерлік тағамдар – 1,1%-ға өсті. Қанттың бағасы 3,5%-ға және жемістер – 0,5%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде киімнің және аяқ киімнің бағасы 1,0%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,6%-ға, тұрмыстық үй заттары – 0,5%-ға өсті.

Сұйытылған газ 1,0%-ға арзандады. Ақылы қызметтер тобында ыстық судың бағасы 0,2%-ға, баспананы жалға алу және тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 0,1%-ға өсті.

Суық судың және электр энергиясының тарифтері мен бағасы 0,2%-ға, ауруханалардың қызметтері – 0,1%-ға төмендеді. 2016 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 6,2% (2015 жылғы қаңтар-қазанда – 8,2%) болды.

Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы 5,7%-ға (6,1%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,6%-ға (13,9%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету – 5,4%-ға (5,2%-ға өсу) өсті.

Похожие материалы