Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың қаңтар-сәуір айында инфляция 4% жуықтады

2016 жылдың қаңтар-сәуір айында инфляция 4% жуықтады

2016 жылдың қаңтар-сәуір айында Қазақстандағы инфляция деңгейі  3,6%-ды құрады. Есептік кезеңде азық-түлік өнімдердің бағасы - 3,9%-ға, қызмет көрсету құны - 3,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлайды.

Жыл басынан қара шай - 14,6%-ға,  жарма – 13,6%, қант – 10,6%, нан – 8,3%, жеміс-жидек – 7,5%, күнбағыс майы – на 7,2%, көкөніс – 6,8%, кондитерлік өнімдер -  6,1%, макарон өнімдері - 5,9%, сусындар - 5,8%, құс еті мен консервіленген сүт –3,9%, балық және теңіз өнімдері - 2,9%-ға қымбаттаған.

Ал фармацевтикалық өнімдердің баға өсімі 11,6%-ды құрады. Денсаулық сақтау және мектепке дейінгі балаларға арналған орталықтардың қызмет құны 5,4%-ға, шаштараз, демалыс орындары мен ойын-сауық орталықтарының қызметі 2%-ға қымбаттады.

Әуе тасымалы бойынша жолақы 8,4%-ға, темір жол тасымалы бойынша 6,2%-ға өсті. Ал бензин бағасы  0,4%-ға төмендесе, дизель отыны 0,7%-ға көтерілді.

Тұрғын үй коммуналдық қызметі бойынша тарифтер кәріз жүйесі бойынша - 20,3%-ға, қоқысты әкету – 11,8%, суық су – 8,1%, орталықтан жылыту – 7%, ыстық су – 6,7%, электроэнергия бойынша – 4,4%-ға өсті.

Похожие материалы