Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда инфляция 4,2% құрады

2016 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда инфляция 4,2% құрады

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) 4,3%, азық-түлік емес тауарларына – 4,2%, ақылы қызметтерге – 4%-ға өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

 
2016 жылғы мамыр 2016 жылғы қаңтар-мамыр 2015 жылғы қаңтар-мамырға
2016 жылғы сәуірге 2015 жылғы желтоқсанға 2015 жылғы мамырға 2010 жылғы желтоқсанға
Тауарлар мен қызметтер 0,5 4,2 16,7 51,6 15,7
Азық-түлік тауарлары 0,4 4,3 13,5 48,4 12,7
Азық-түлік емес тауарлар 0,7 4,2 27,3 54,9 26,1
Ақылы қызметтер 0,5 4,0 10,3 51,7 9,3
Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға 20,7%, қара шайға – 16,7%, қантқа – 11,1%, нанға – 9,1%, жаңа жиналған жемістерге – 9%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 8,4%, кондитерлік өнімдерге – 7,8%-ға, күнбағыс майына, салқындатылған сусындарға – 7,7%, макарон өнімдеріне, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 6,7%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына – 5,7%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, құс етіне – 4,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 4,5%, балық және теңіз өнімдеріне – 3,6%, сүзбеге – 3%-ға белгіленді. Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 12,4%, тұрмыстық аспаптарға – 7,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 6,4%, жеке қолданатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,3%-дан, тоқыма бұйымдарына – 5%, автомобильдерге – 4,7%, киім және аяқ киімге – 3,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,7% құрады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 6,4%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 5,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің – 2,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,1%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 14,8%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 11,5%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 6,2%-ға жоғарылады. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 20,3%, қоқыс шығаруға – 11,8%, суық суға – 8%-ға, орталықтан жылытуға, ыстық суға – 7,2%-дан, электр энергиясына – 4,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%-ға өсті. Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі өткен айға пайызбен, өсуі +, төмендеуі - Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2016 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 36,7%, азық–түлік емес тауарлар – 31,4%, ақылы қызметтер – 31,9%–ды құрады.

Похожие материалы