Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы Ұлттық қор активтері төмендеуі мүмкін

2016 жылы Ұлттық қор активтері төмендеуі мүмкін
Ұлттық қордың активі 2016 жылдың ақпанында өткен жылдағымен салыстырғанда 11,37%-ға төмендеді. LS сауалнама жүргізген сарапшылар резервті ақшаның азаю тенденциясы әлі де жалғаса түсуі мүмкін деп есептейді. Тәуелсіз сарапшы Александр Юрин Ұлттық қор активтері көлемінің өзгеруіне осы жылы бірнеше фактор әсер етуі мүмкін дейді. Оның түсіндіруінше, қордың қомақты бөлігін инвестициялаған кезде консервативті инвестициялық стратегия қолданылады яғни барынша аз тәуекел арқылы төменгі деңгейдегі табыс табуға тырысады.

"Қор активтерінің динамикасы оның табысы арқылы ғана емес қордан түрлі мақсатқа жұмсалатын трансфер көлемі арқылы да анықталады. Ұлттық қор мемлекеттік стратегиялық резервтің бір бөлігі болғандықтан бұл әрекетті дұрыс деп қабылдауға болады",- деп есептейді А.Юрин.

Оның атап өтуінше, мемлекет мұнай экспортерлеріне салынатын салық көлемін арттыру немесе төмендету арқылы Ұлттық қорға баратын түсімдердің көлеміне ықпал ете алады. Экономистің сөзінше, мемлекеттік шығындардың қазіргі темпі мен жағымсыз сыртқы экономикалық факторлар сақталса, қор активтері жылдың соңына қарай 60-58 млрд долларға дейін төмендеуі мүмкін. Ал мұнай бағасы қалпына келіп, экономикалық жағдай жақсарса фондқа баратын түсімдер ұлғайып, оның көлемі арта түсуі де мүмкін.

"Ұлттық қор активтерінің динамикасына бірнеше факторлар әсер етеді. Әзірге, мұнай бағасы мен теңге курсының динамикасы деген тәрізділерін болжап отыру қиын. Тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық мемлекеттік органдардың шешімі мен сол шешімді қабылдау логикаларын аңғарып отыру да мүмкін емес. Осы жағдайға байланысты Ұлттық қордың активтеріне қатысты нақты болжам айту қиындау",-деп атап өтті А.Юрин.

"Финам" компаниялар тобының сарапшысы Богдан Зварич осы жылдың бірінші жартысында Ұлттық қор активтерінің төмендеуі сақтала түседі дегенді айтады.

"Алайда жылдың екінші жарты жылдықта сыртқы экономикалық факторлардың жақсаруына және мұнай бағасының жоғарылауына байланысты қор соңғы айларда жоғалтқан шығындарын қайта қалпына келтіре алады. Дегенмен активтерді тым асыра бағалап жіберуге байланысты қор жылдың соңында 3-4% қаржысынан айырылады",- деді ол.

Осыған дейін хабарланғандай, Ұлттық қор активтері бір жыл ішінде 13 пайызға азайды. Ұлттық банк анықтамасы бойынша  2016 жылдың ақпанындағы Ұлттық қор активтері 63,54 млрд долларды құрайды.

Похожие материалы