Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы жасалған киберқылмыстың 75% ашылмаған

2016 жылы жасалған киберқылмыстың 75% ашылмаған

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz – ІІМ күдіктілер табылмағандықтан кибершабуылға қатысты қылмыстық істердің 75 пайызын тоқтатты. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлады.

Бұған дейін, ҚР ІІМ хабарлағандай 2016 жылы банк есепшоттарынан қаржы ұрлауға қатысты 36 факт тіркелген. Оның ішінде 3 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Күдіктілер ҚР қылмыстық кодексінің 35-бап 1-бөлім 12-тармағы бойынша әр түрлі мерзімге сотталды. Тағы да екі іс қаралып жатыр.

«27 фактінің сотқа дейінгі тергеу мерзімі 45-бап 7-бөлім 1-тармағы («Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары күдікті табылмаған жағдайда тоқтатылады») бойынша тоқтатылды. Егер қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда қылмыстық іс қайтадан қозғалады», - деп атап өтті ҚР ІІМ.

Нақты ақпараттар мен зардап шегушілердің есімдері және ұрланған сома жасырын қалады.

Еске салсақ, ІІМ 2016 жылы кибершабуыл жасаған қылмыстық топ құрамындағы 20 адам ұсталды. Оның ішінде екі хакер 2017 жылдың қаңтарында біреуі 6 айға және екеуі 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Одан бөлек, тағы да 13 қатысушы әр түрлі мерзімде қамауға алынады және мүлкі тәркіленіп, компьютерлік технологияға қатысты жұмыстармен айналысуға тыыйм салынады.

Айта кетейік, соңғы айда қазақстандық 6 банк кибершабуылға ұшыраған. Олар: Қазақстан Халық банкі, Qazkom, Альфа-банк, Сбербанк, Kaspi Bank және Банк ЦентрКредит. Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі онлайн-банкингке жасалған және тікелей банкке шабуыл жасаған бір әрекет тіркелген.

Похожие материалы