Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жыл дамушы нарықтар үшін қандай болады?

2017 жыл дамушы нарықтар үшін қандай болады?

Жәй байқаушылар 2016 жыл дамушы нарықтар үшін сәтсіз болды деп ойлауы мүмкін. Ал шын мәнінде осы елдердің кейбірі жылдағы үздік инвестициялық кіріске ие болды, ал біраз дамыған елдердің нарықтары нашар нәтижеге жетті. Бразилияда жеке облигациялары бар Ұлыбритания резиденті жылдың басында барлық бразилиялық реалдарын стерлингке хеджирлендіргенде, ол өз инвестицияларының шамамен 50 пайызын жоғалтар еді.

Шынында да, Бразилия нарығы 2016 жылы күтілгенге қарағанда жақсырақ болып, дамып келе жатқан  жалғыз ел емес. Бірақ, мұны оңай көрмей қалуға болады, себебі, мен BRIC аббревиатурасын (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) ойлап  тапқаныма 15 жылдан астам уақыт болса да, адамдар әлі де «дамушы нарықтар» санатына әр түрлі елдерді  араластырып жүр, бұл анықтауды әкелудің орнына әркімді оңай шатастырады.

Бұл сөздің қазір мағынасы жоқ: адам басына шаққандағы ІЖӨ бай Еуроаймақ елдеріндегіндей, Оңтүстік Корея туралы «дамушы» деп айта алмаймыз; немесе Америка Құрама Штаттары ең белгілі компаниясы Apple АҚШ-тан да артық өнімдерін сататын Қытай туралы да бұлай айту қиын.  Ең табысты инвесторлар мұны бәлкім біраз уақыт бұрын түсінген, бірақ басқалары алдағы жылы осыны назарға алуы тиіс.

Дәл қазір, 2017 жылға арналған дамушы нарықтар жайында болжамның көбі жаңа сайланған Президент Дональд Трамптың әкімшілігінің басқармасындағы АҚШ өзінің фискалдық-ынталандыру саясатын кеңейтіп, сондай-ақ АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі ақша-кредит саясатын қатаңдатады деп болжайды. Бұл, өз кезегінде, долларды нығайта түсіп, ол дамушы нарықтардағы проблемаларды көбейте алады.

Бірақ бұған күмән тудыратын төрт себептер бар. Біріншіден, Трамп сайлаулануынан бері бірнеше апта ішінде нарықтардың жағдайы сәтті болса да, инвесторлардың кез келген айқын консенсустан абай болулары керек. Ешкім “Трампономиканың” шын мәнінде қандай болатынын сенімді айта алмайды.  Трамп жеңісі күтпеген сәтте болды, сондықтан сайлау күнінен кейінгі керемет жетістіктер, бәлкім, қарсы нәтиже үшін аса тырысқан адамдардың өз тарапынан жасаған түзетулерді көрсеткен шығар.

Инвесторлар қазір ФРЖ желтоқсан айында пайыздық ставкаларды көтереді деп сенімді, сондықтан валютамен алып-сатарлық жасағандар, яғни - жоғарырақ пайыздық ставкалары бар валюталарды сатып алуға долларды  қолданғандар - өз ұстанымдарынан бас тартулары керек болды. Инвесторлар қазір дамушы нарықтардан көңілдерін қалдыруды күтуде.  “Трампономика” туралы күтпеген жаңалықтар оң нәтижелермен аяқталулары мүмкін.

Ал екіншіден, ұзақ жылдар бойы орын алған мемлекеттік облигациялар жарысы ақыр соңына келіп жатса да,  ол доллар жақын арада өзге валюталармен салыстырғанда құны жоғарыласа да, оның әрдайым  күшті  болып қалатыны айқын емес. Мен доллардың құны артатын табиғи үрдісі бар деп ұзақ уақыт бойын сенген едім; бірақ АҚШ саясаткерлері долларды күшеюінен әдейі тоқтатқан, немесе тіпті әдейі оны әлсіреткен көп жағдайлар болды.

Егер Трамп АҚШ ауыр өнеркәсібін қалпына келтірем десе, оған құны тез өсетін доллар қажет емес болады. Бұған қоса, көптеген комментаторлар “Трампономика”  нарықтарға аралсуды алдамшы жақтырмаған “Реганомикаға”  ұқсас болады деп болжап отыр. Бірақ Рональд Рейганның laissez-faire идеализмы көп ұзамай шындыққа тап болды, және 1985 жылы ол құнсызданған долларды әлемдік қаржы нарықтарына босатқан  Plaza Accord келісіміне қол қойды.

2017 жыл бойынша үшінші қарастырылатан ескертпе, АҚШ-тағы фискалдық кеңейту циклдік және жаһандық өсуді күшейту арқылы, тауар өндіруші елдер үшін пайдалы бола алады. Егер тауар бағасы соңғы апталардағыдай көтерілсе, Бразилия және Чили сияқты дамушы нарықттар валютасының құны өсуі мүмкін, себебі олардың  сауда шарттары (импортқа қатысты экспорттың құны) оң бағытта өседі.

Соңында, кез келген 2017 жыл болжамы дамушы нарықтық алып Қытайды ескеруі керек. Жақында шыққан Goldman Sachs зерттеуі бойынша, 2016 жылғы болжамдарды орын алған экономикалық нәтижелермен салыстырғанда Қытай күткен нәтижелерді (шамалы болса да) асып түскен.

Алдағы жылға арналған Қытайдың өсу туралы болжам өте оптимистік емес. Бірақ, егер Қытай экономикасы жазда басталған біраз өсуін жалғастырса, онда  қытай акцияларындағы ралли да жалғасатын болады. Қытайдың жалпы өсімі аса өспесе де, қытай тұтынушыларының тауарлар мен қызметтер үшін сұраныстары өсетін болады.

Қытай тұтынушыларының өсуі шынында да бүгінде әлемдегі жалғыз ең маңызды экономикалық үрдіс болып табылады, және Трамп сияқты Батыстағы саудаға қарсы популисттер өздеріне назар аудару үшін біраз тырысулары керек. Шынында да, Батыстың ірі экспорттық секторлары қазір жаппай жаңа нарыққа кіруге мүмкіндіктері бар екенін ескерсек, қазір АҚШ үшін Қытаймен сауданы азайтуға ең қолайсыз уақыт болып тұр.

Сол сияқты, қосымша сауда және инвестициялық мүмкіндіктер Үндістанда, Индонезия, Африка елдері, және, бәлкім, Ресейде де пайда болуы мүмкін. Сонымен,  2017 жыл бәлкім 2016 жылдай болуы мүмкін: кейбір дамушы нарықтар көптеген инвестициялық мүмкіндіктерді бере алмай, ал басқалары өте табысты болуы мүмкін. 2016 жылы Бразилия сияқты, кейбір елдердің жалпы экономикалық көрсеткіштері олардың нарықтағы жағдайында көрінбеуі мүмкін. Ең қызықтысы да қиыны кайсының қандай екенін табуда болар.

Автор туралы: Джим О’Нил - Goldman Sachs Asset Management бұрынғы төрағасы және Ұлыбритания Қазынашылығының бұрынғы сауда бойынша хатшысы, Манчестер университетінің құрметті экономика профессоры, британдық үкіметтің микробқа қарсы препараттардың төзімділігіне байланысты шолуының төрағасы.

Похожие материалы