Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылғы қаңтар-қарашада инфляция 6,3 пайызды құрады

2017 жылғы қаңтар-қарашада инфляция 6,3 пайызды құрады

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылдың он бір айында азық-түлік тауарларына деген баға 5,3 пайызға, азық-түлік емес тауарларына - 8,4 пайыз, ақылы қызметтерге - 5,6 пайызға өсті. Осылайша инфляция 6,3 пайызды құрап отыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі.

Бағаның өсуі мынадай көрсеткішті қалыптастырды: картоп - 28,5 пайыз, пияз - 27,8 пайыз, сәбіз - 20,8 пайыз, алма - 14,8 пайыз, сиыр еті - 14,2 пайыз, қой еті - 13,5 пайыз, консервіленген сүт - 10,8 пайыз, сары майға - 10,2 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 9,5 пайыз, мәйекті ірімшік - 9,4 пайыз, сүзбеге - 8,9 пайыз, жылқы еті - 8,5 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қызанақ - 37,4 пайыз, қияр - 37,2 пайыз, қарақұмық жармасы - 26,7 пайыз, сарымсақ - 26,1 пайыз, жұмыртқа - 18,6 пайыз, қант - 17,7 пайыз, күнбағыс майы - 9,5 пайыз, қырыққабат - 8,4 пайыз, тәтті бұрыш - 3,4 пайызға тіркелді.

Кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 9,6 пайызға, шыны және қыштан жасалған өнімдер - 8,5 пайыз, автомобильдер - 8,4 пайыз, кітаптар - 7,5 пайыз, киім және аяқ киім - 7,2 пайыз, тоқыма бұйымдары - 6,1 пайыз, фармацевтикалық өнімдер - 5,8 пайыз, газеттер мен журналдар - 5,7 пайыз, жеке қолданатын тауарлар - 5,6 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдар - 5,4 пайыз, жиһаз және үйге қажетті заттар – 5,3 пайыз, тұрмыстық аспаптар - 4,9 пайызды құрады. Дизель отыны 31,1 пайыз, бензин - 19,1 пайыз, тас көмір - 16 пайыз, баллондағы сұйытылған газ - 7,8 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау 7,6 пайыз, құқық қызметтері - 7 пайыз, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласы - 6,7 пайыз, қоғамдық тамақтандыру - 4,5 пайызға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 8,9 пайыз, қалааралық жол жүру ақысы - 6,8 пайызға қымбаттады. Ал әуе көлігі  бағасы - 1,9 пайыз, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол бағасы - 0,8 пайызға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 14,9 пайыз, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 10,6 пайыз, орталықтан жылытуға - 9,6 пайыз, кәрізге - 9,1 пайыз, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 6,8 пайыз, суық суға - 5,1 пайыз, электрэнергиясына - 5 пайызға жоғарылады.

Похожие материалы