Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы банк секторында болатын тренд пен тосқауыл

2017 жылы банк секторында болатын тренд пен тосқауыл
Мамандар банк секторында болуы мүмкін өзгерістер мен қиындықтарды қанша болжағанымен кейде қаржы институттары күтпеген жағдайға тап болып жатады. Бірақ Banking.com ақпараттық ресурсының сарапшылары осы жылы банктер өздерінің кейбір бағыттарына назар аудару керек екенін айтады. Мысалы, банктер бұл жылы клиенттерге қызмет көрсету сапасын барынша жақсарту керек. Себебі, британдық Ombudsman Services компаниясының  зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға жауап бергендердің 92 пайызы өздерінің банкке айтқан шағымдарымен дұрыс жұмыс істемесе, екінші рет аталған банкке барғысы келмейтінін жеткізген. Назарларыңызға осы жылы банк секторында кездесетін тосқауыл мен трендті ұсынамыз.
Шотты ашу мен жабу процедураларын дамыту

Тұтынушыларды қаржылық қорғау бюросының жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша, АҚШ-тағы тұтынушылардың 78 пайызы шоттармен жұмыс істеуге қатысты шағымдардан түскен. Оның ішінде 36 пайызы  шоттарды ашу мен жабу, олармен жұмыс істеуге қатысты. Сарапшылардың айтуынша, операциялар қолданушы қандай құрылғыны пайдаланатынына қарамастан еш кедергісіз жұмыс істеу керек. Сондай-ақ, ақпараттың сақталып, оңтайландыруына да мән берілу керек. Мысалы, егер қандай да бір адам ұялы телефоннан шотын аша бастаса, ары қарай еш кедергісіз планшетінен я ноутбугінен жалғастыра алу керек.

Қаржы салу мен алу мәселесі

Басылымның жазуынша, банк қолданушыларының «кетуіне» тағы бір әсер ететін фактор – банк клиенттерінің өзіне-өзі қызмет ету саласының нашарлығы. Банктер мұны банкоматтарға ақша салу мен алу, қаржы енгізу мен чектерді қашықтықтан өңдеп есептеу секілді мүмкіндіктер беру арқылы шеше алады. Сарапшылардың пайымдауынша, клиент қай қызметті пайдаланам десе де, барлығы оңтайландырған, оның дәл сол уақытта жағдайына ыңғайландырған әрі қолжетімді болу керек. Дегенмен, тұтынушы қандай құрылғыны пайдаланса да, банк ұсынатын қызмет мүмкіндігінше оңай әрі қарапайым болуы керек.

Қолма-қол ақшаға қол жетімділікті арттыру

Қазір қызметтердің көбі қолма-қол емес төлемге көшіп жатқаны көптен айтыла бастады. Бірақ мамандар қолма-қол ақша 2017 жылы да, алдағы жылдары да бүкіләлемдік қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі боп қала беретінін айтады. Мысалы, қағаз ақшадан бас тартатын елдер туралы айтқанда көбі Швецияны айтады. Алайда Швеция орталық банкі – Riksbank-тің өзі өткен жылы қолма-қол төлем, кассалық қызмет банктің негізгі функцияларының бірі болып қалуы керек деп мәлімдеме жасаған.

ATM-индустрия (ATMIA) компаниясының атқарушы директоры Майк Ли мұны орынды ұсыныс деп бағалаған.

«Картамен төлем жасау көп байқала бастағанмен, Үндістанда қаржылық қызметтерге қолжетімділікті арттыру үшін банкоматтар санын көбейтуі, АҚШ-тағы есептесудің дәстүрлі жолы әлі де кеңінен қолданылатындықтан әлем қолма-қол төлем түрлерімен "қоштасуға" дайын емес екенін білдіреді», - деп жазады басылым.

Банктердің қаржылық-техникалық компаниялармен бірігуі мен төлем жүйесіндегі жаңалықтарды енгізу

2017 жылы төлем индустриясы өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда өзгермелі бола түседі де, банктерге бәсекелес болатын жаңа ойыншылар пайда болады. Banking мамандары қаржылық дағдарыс кезінде банктер мұндай жағдайды өздеріне төніп тұрған қауіп емес, мүмкіндік ретінде қарауы керек екенін айтады. Bank of America-ның жаһандық ірі төлемдер басқармасының басшысы Мери Лунч соңғы жылдардағы тенденциялар 2017 жылы банктер өздерінің төлем жүйелерін жақсартып, жаңа өнімдер әкелу үшін қаржылық-техникалық компаниялармен бірігуіне алып келуі мүмкін екенін айтады.

Алаяқтықпен күрес

Жаңа технологиялар пайда болған сайын тұтынушылар үшін жаңа қауіп-қатер пайда болды. Банк салымшылары мен тұтынушылары үшін өздерінің қаржылары қауіпсіздік пен банктің қорғауында екенін сезіну маңызды. Себебі, 2016 жылдың соңына қарай тіпті Google секілді ірі компаниялардың өздері хакерлердің шабуылына ұшырады. Сондықтан 2017 жылы киберқауіпсіздік өте үлкен маңызға ие болады. Сарапшылар аталған тенденцияларды ескеріп, төлем жүйесінде биометрикалық аутентификация кең таралуы да ықтимал екенін айтады.

Дегенмен, басылым «мұның өзі толықтай қауіпсіздікке кепілдік бере ала ма?», «Биометрикалық ақпараттың өзі ұрланса не бұзылса ше?» деген сауалдар қойып, банктердің түптеп келгенде өз клитеттерінің активтерін алаяқтардан жаңа ақпараттық қамсыздандыру бағдарламалары арқылы сақтап, кез келген шабуылдан қорғау керек екенін алға тартады.

Осылайша, 2017 жылы тұтынушылар сұранысы мен талабының артуы қаржылық технологияның дамуына алып келуі мүмкін. Сондай-ақ, банк саласының сарапшылары қаржы институттары ары қарай жұмысын сәтті жалғастыру үшін өзіне-өзі қызмет ету деңгейін көтеріп, банк бөлімшелеріне өзгерістер енгізуі қажет екенін айтады.

 

Похожие материалы