Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы жәрдемақы төлемдеріне 255,9 млрд теңге бағытталды

2017 жылы жәрдемақы төлемдеріне 255,9 млрд теңге бағытталды

Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz – 255,9 млрд теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды, деп хабарлайды Баспасөз қызметі.

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін берілген көмек көлемі 12 719 теңге, және жасына қатысты адамдарға 12 719 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16 пайызға артты.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  - 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі 2018 жылы 326,8 млрд теңгені құрайтын болады.

Похожие материалы