Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы Ресейден Қазақстанға 111,8 млрд теңге аударылған

2018 жылы Ресейден Қазақстанға 111,8 млрд теңге аударылған
Алматы. 17 қазан. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанға ақша аудару бойынша Ресей бірінші орында тұр деп хабарлайды ranking.kz. Жеке тұлғаларға шетелден аударылған қаржы көлемі 220,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,2 пайызға көп. Шетелден аударылған ақшаның жартысынан көбі (114,7 млрд теңге) "Золотая Корона" аударым жүйесі арқылы жүзеге асырылған. Одан кейін Western Union 49,1 млрд теңгемен екінші орынға жайғасқан. Қазақстанға ақша жиі аударылатын елдер көшін 111,8 млрд теңгемен Ресей бастап тұр. Оңтүстік Кореядан 2018 жылы 33,6 млрд теңге көлемінде қаржы келген. 18,4 млрд теңгемен Қырғызстан үшінші орынды иеленді.

Похожие материалы