Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2019 жылғы 6 айда инфляция 2,6%-ды құрады

2019 жылғы 6 айда инфляция 2,6%-ды құрады

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда инфляция 2,6%-ды құрады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2019 жылғы маусым 2018 жылғы желтоқсанға) – 5,9%, азық-түлік емес тауарларына 2,2%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,9%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы маусым 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі сөкке – 35,2%, жаңа жиналған көкіністерге – 17,4%, ұнға – 14%, күрішке – 12%, қой етіне – 9,2%, мұздатылған балыққа – 8,7%, нанға – 8,5%, макарон өнімдеріне – 7,5%, жаңа жиналған жемістерге – 7,3%, жылқы етіне – 6%, сиыр етіне – 5,9%, құс етіне – 5,4%, мәйекті ірімшікке – 5,2%-ға, шошқа етіне, ет өнімдеріне – 4,9%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 4,8%, шұжық өнімдеріне – 3,9%, шайға – 3,6%, кондитерлік өнімдерге 3,4%-ға белгіленді. Салқындатылған сусындар – 7,9%, алкогольді ішімдіктер – 5,1%, темекі өнімдері 5%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 9,8%, шикі сүтке – 3,8%, сүзбеге – 2,4%, қарақұмық жармасына – 1,6%, құмшекерге 1,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 4,8%, автомобильдерге – 3,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 3,6%, тоқыма бұйымдарына – 3,4%, киім және аяқ киімге – 3,3%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға – 3%-дан, жеке қолданатын тауарларға 2,9%-ды құрады. Бензин – 4,6%, дизель отыны – 1,3%, баллондағы сұйытылған газ 0,9%-ға арзандады.

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 7,4%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 4,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 3,3%-дан, қонақ үйлер қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне 1,3%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 1%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен 1,8%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 8,8%, суық суға – 7,8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,1%, қоқыс шығаруға 3,6%-ға төмендеді.

Похожие материалы