Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2020 жылы әлемдегі дәрі препараттарының шығыны 1,4 трлн долларға өседі

2020 жылы әлемдегі дәрі препараттарының шығыны 1,4 трлн долларға өседі

2020 жылы әлемдегі дәрі-дәрмектердің шығыны қазіргі деңгейден үш есе өсіп, 1,4 трлн долларды құрайды. Бұл нарықта түрлі қатерлі ісік пен сирек ауруларға арналған препараттардың шығарылуымен байланысты, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

ІMS Institute for Healthcare Informatics зерттеу орталығының болжамына сәйкес, 110 млрд доллар көлеміндегі қаржы көбіне онкологиялық және аутоиммундық ауруға арналған препараттарға жұмсалады. Ал вирустық гепатитті емдеуге арналған дәрілердің шығыны 48 млрд доллар болады. IMS ақпараты бойынша, 2020 жылы фармацевтикалық препараттар шығынының 41%-ы АҚШ үлесіне тиесілі болмақ. Қытай елінің шығыны 150-180 млрд долларды құрауы мүмкін. Фото: medikforum.ru

Похожие материалы