2020 жылға қарай интернет қолданушылардың саны 5 миллиардтан асады. Бұл туралы Google-дың Ресейдегі маркетинг жөніндегі директоры Дмитрий Кузнецов Google Think Performance конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды insider.pro.
«1990 жылдың соңында біз интернет он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған адамға қолжетімді деп айтатын едік. Себебі ол кезде компьютерлер айтарлықтай қымбат болған еді. Ал қазір бәріне мүмкіндік бар. Сондықтан 2020 жылға қарай интернет пайдаланатындар саны 5 млрд-тан асады деп болжап отырмыз және олардың көпшілігі смартфон құрылғысын пайдаланады", - дейді ол.





