2021 жылы жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 83,6%-ға немесе 4,1 трлн теңгеге ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады. Бұл туралы
Бірінші несие бюросы хабарлады.
Бюро мәліметінше барлығы 25,67 млн келісімшарт жасалды, қарыз алушылардың жалпы саны 6,16 млн қарыз алушыны құрады.
2021 жылы ипотекалық несиелер беру 1,92 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде беру 77,7%-ға өсті.
Кепілсіз берілген тұтынушылық несиелер 5,45 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 86,1 пайызға өскен.
Несие карталары 95,2%-ға (401,5 млрд. теңгеге дейін) өсті.
Автонесиелер 592,2 млрд теңге (+57,5%) болды.
Бөлшек несиелендірудің 90,3%-ын банктер, қалған үлесін – МҚҰ және басқа ұйымдар (соның ішінде мемлекет қатысатын ұйымдар, тауарлар мен қызметтерді бөліп-бөліп ұсынатын ұйымдар.
Өңірлер тұрғысынан алғанда бөлшек несиелердің айтарлықтай көлемі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі, олар 2021 жылы жалпы көлемнің 44%-ын құрады.